Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады

2 526

Фото Tengrinews.kz/Тұрар ҚазанғаповWBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болды. Бұл қызметті қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың атқарған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. Геннадий бұл лауазымға жалғыз үміткер болғанын ескере кеткен жөн.

Еске салайық, бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен. Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.