Атлеттер мен жаттықтырушылардың шағымынан құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды

285

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов қызметінен босатылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атлеттер мен жаттықтырушылардың шағымы қаралып, нәтижесінде Спорт және мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ауыр атлетика федерациясы осындай шешім қабылдаған. 



Федерация Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесе отырып, тренерлік құрамға іріктеу жүргізбекші. Іріктеу алда болатын ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионты кезінде арнайы талаптар негізінде өткізіледі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.