Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді

2 416

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитетіБокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы (4-0) Абылайхан Жүсіпов өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында әуесқой боксқа оралатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой бокста 2 жыл тәжірибе жинап, Қарағанды облысының бокс федерациясының және спорт басқармасының шақыруымен, қолдауымен әуесқой боксқа қайта оралып жатырмын. Жинаған тәжірибеммен туған өлкемде, Қарағандыда өсіп келе жатқан жас боксшыларға үлгі көрсетіп, оларды алға талпындырамын деген ойдамын. Қарағанды облысынан әлі де талай-талай Олимпиада ойындарының қатысушыларымен чемпиондары шығады деген ойдамын. Қарсыластарым, дайын болыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын", - деді Абылайхан Жүсіпов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.