Мақсат Исағабылов "Қазақстан барысы – 2022" атанды

575
Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ХІ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырды.


Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы, «Қазақтелеком» АҚ басқарма директоры Қуанышбек Есекеевтер қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.


Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир «бүк» ұпайынсыз өтті.
Биылғы «Қазақстан Барысы» атанған Қызылорда облысының балуаны Мақсат Исағабыловқа 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталды. Күміс жүлдегер Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғаповқа 5 500 000 теңге және қола жүлдегер Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.