Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды

2 679

Фото: Olympic.kzҚазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.