Танымал спортшы жаңа қызметке тағайындалды

2 571

Фото: Жамбыл облысы әкімдігіҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды, - делінген хабарламада.


Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.


Соңғы кездері спортшылар лауазымды қызметтерге тағайындала бастады. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит келген еді. Ал боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.