Қазақстандық таэквондошылар Ташкентте бірлескен ОЖЖ-ны бастады

369

Фото: Prosports.kz.Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынын бастады. Дайындық Өзбекстан, Вьетнам, Тайвань және Қатар елдерінің командаларымен бірлесе өткізіледі.

4 мамырға дейін жалғасатын Ташкент қаласындағы жиынға ҚР ҰҚК 13 спортшысы келесі құрамда шақырылды:

  1. Темірхан Самат (54 кг)
  2. Ысқақ Елдос (58 кг)
  3. Базарбаев Әділет (63кг)
  4. Бірімбай Эльдар (63 кг)
  5. Қайырбек Ерасыл (68 кг)
  6. Сарымсақов Қайрат (74 кг)
  7. Сәндібаев Шыңғыс (74 кг)
  8. Әдилханов Рақым (80 кг)
  9. Жапаров Руслан (+87 кг)
  10. Қапанова Ботакөз (49 кг)
  11. Алдангорова Фариза (53 кг)
  12. Дениз Джансель (73 кг)
  13. Ерқасымова Ақсәуле (+73 кг)

Өзбекстандағы ОЖЖ аяқталғаннан кейін қазақстандық таеквондошылар Иордания астанасы Амманға келесі бірлескен оқу-жаттығу жиынына, сондай-ақ Токио-2020 Олимпиада ойындарына WT таеквондодан Азия іріктеу турниріне қатысу үшін барады.