Бокстан 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге шегерілді
Бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге шегерілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Құрлықтық доданы кейінгі шегеру себебі белгісіз.
Азия чемпионаты 14 және 30 шілде аралығында елордада өтуі тиіс болатын. Онда жастар арасында 2005-2006 жылғылар сайысқа түссе, жасөспірімдер арасында 2007-2008 жылғылар жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, Халықаралық Оолимпиада Комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 22 маусымда өткен кезектен тыс сессияда Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты. Мұндай шешім қабылдауға 69 сайлаушы дауыс берген. Оның біреуі ғана бұл шешімге қарсы болып, тағы 10 сайлаушы қалыс қалды.