Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

2 508

Фото: Сабиров С  ҚР ҰОКДзюдодан Қазақстан құрамасының белді өкілі Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақ спортшысының қарсыласы – татами қожайыны, жапониялық Хаято Кондо болды.

Кездесу барысында қарсыласы екі рет нәтижелі юко ұпайын еншіледі. Осылайша, белдесу жапон дзюдошының пайдасына шешіліп, Елдос Сметов Азиада-2026 турнирінің күміс жүлдесін иеленген.

34 жастағы Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы ең титулды дзюдошы. Ол үш бірдей Олимпиада ойындарының медалін иеленген: Рио-2016-да күміс, Токио-2020-да қола және Париж-2024 Олимпиадасында алтын алған.

Сондай-ақ Сметовтің еншісінде әлем чемпионы атағы мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтыны бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.