Каратэден халықаралық турнирден Қазастан спортшысы бас жүлде иеленді

2 523

Фото: ©instagram.com/kzo_pdҚызылорда облысы полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабыланбек Кемелбек каратэден халықаралық деңгейдегі жарыста жоғары нәтиже көрсетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 7-15 сәуір аралығында Әзербайжан Республикасының Баку қаласында каратэден Grand Prix Azerbaijan халықаралық турнирі өтті. Ауқымды спорттық дода "Серхедчи" спорт орталығында ұйымдастырылып, оған 15 мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысқан.

"Тартысты бәсекеде Қабыланбек Кемелбек 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленген. Бұл жеңіс – қызмет пен спортты қатар алып жүрген полицейдің кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындығының айқын дәлелі.

Қызылорда облысы полиция департаменті әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.