Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Латвиямен кездеседі

2 532

Фото: icehockey.kzБүгін, 14 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Латвияға қарсы ойнайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.  


Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстан мен Латвия кездесуі бүгін, 14 мамырда сағат 19.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 1-уі Қазақстанның басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласына есе жіберді.


Қазақстандық хоккейшілер аталған қарсыласын 2021 жылдың 22 мамырында әлем чемпионаты элиталық дивизионында буллиттен 3:2 есебімен жеңген еді. 


Одан кейін ел құрамасы 16 мамырда Швеция, 17 мамырда Германия, 19 мамырда АҚШ, 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады. 


Айта кетсек, бүгін, 14 мамырда В тобында Франция мен Польша ойнаса, А тобында Дания мен


Норвегия, Австрия мен Канада мұз айдынға шығады.