Канело: «Головкинді нокаутқа жіберемін»­

210
Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталатынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына  сілтеме жасап.  

«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин –  мықты әрі қауіпті қарсылас. Бірақ мен оны нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Рингке оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», – деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде. 

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.