“Реал“ маусым басталар алдында бапкер ауыстырмақ
Мадридтік "Реал" жаңа маусым қарсаңында бапкерлер штабында өзгеріс жасайды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Marca мәліметінше, Луис Льопис қызметінен кетеді. Оның орнына команданың жаңа бас бапкері Жозе Моуриньюмен бірге ұзақ уақыт жұмыс істеген португалиялық Нуну Сантуш келеді. Луис Льопис "Реалмен" қоштаспайды. Клуб басшылығы тәжірибелі маманды өз құрылымында сақтап қалуды жоспарлап отыр, алайда оның жаңа қызметі әзірге анықталған жоқ. Бұл мәселе бойынша шешім жақын уақытта қабылданбақ.
Нуну Сантуш - бірнеше жылдан бері Жозе Моуриньюдің бапкерлер штабының мүшесі. Ол түрлі клубта қақпашыларды дайындауға жауап беріп келді. Енді португалиялық маманмен қайта қауышып, бұл жолы мадридтік "Реалда" бірге қызмет атқармақ. Ал Луис Льопис "Реалдың" негізгі командасының бапкерлер штабына 2015 жылы қосылып, 2018 жылға дейін жұмыс істеді. Кейін ол "Реал Сосьедадқа" ауысып, онда да қақпашылар бапкері қызметін атқарды. 2021 жылы қайта мадридтік клубқа оралған.







