Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтпек

1 535

Футболдан UEFA Суперкубогында Англияның «Манчестер Сити» және Испанияның «Севилья» командалары кездеседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ойын 16-нан 17 тамызға қараған күні елорда уақытымен 00.50-де Грекияның Пирей қаласындағы «Караискакис» стадионында өтеді.


Кездесуге франциялық Франсуа Летексье бас төреші болады. Оған отандастары Сириль Мюнье мен Мехди Рахмуни көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші норвегиялық – Эспен Эскос. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


«Манчестер Сити» биыл Чемпиондар лигасында бірінші рет жеңімпаз атанды. Ал «Севилья» Еуропа лигасында кубокты төбесіне өктерді. UEFA Суперкубогының бастау алғанына биыл тура жарты ғасырдан астам уақыт болды.


Қазірге дейін Испанияның «Реал Мадрид», «Барселона» және Италияның «Милан» клубтары бес мәртеден чемпион болды. Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.