Отандық боксшыларымыз әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Қазақстандық екі боксшы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келі салмақ дәрежесінде франциялық Макан Траоремен жұдырықтасты. Шымбергенов бірінші және екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Ал Нұрбек Оралбай ширек финалда иорданиялық Хуссейн Эйшаишеммен жұдырық түйістірді. Хуссейн Азия чемпионы атанған. Дегенмен 5:0 есебімен отандасымызға есе жіберді. Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
Жарыс кестесі бойынша бүгін тағы 5 қазақстандық боксшы рингке шығуы керек.