Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуге ниетті

414

2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығы үшін Қазақстан мен Германия таласады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлем біріншілігін өткізуге ниет білдірген 3-ші үміткер Норвегия өз өтінішін ресми түрде алып тастады. Оған себеп Норвегия үкіметінде бұл ауқымды іс-шараны қаржыландыруға ақша жоқ.

Осылайша шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы үшін күресті Қазақстан мен Германия жалғастырады. Ұйымдастырушы елді анықтауға арналған дауыс беру 2023 жылғы мамыр айында өтеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифпен кездескен болатын. Сол кезде ол Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.