Біздің мақсат - QAZAQ STYLE-ді әлемге таныту – Әлімханұлы

522
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзі дәріптейтін Qazaq Style-ді әлемдік деңгейде мойындату керек екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 «Qazaq Style дегеніміз рингтің төрт бұрышын қолданып жүріп бокстасатын стиль.  Бұл жерде алдыға да жұмыс істеу, артқа да жұмыс істеу, қорғанып тұрып қарымта шабуылдау, сосын бірден қорғану керек. 12 раундта 12 түрлі стиль қолдануға болады. Рингке шыққан кезде қарсыласқа байланысты қолданасың. Біздің Qazaq Style - бай стиль. Америкада құр белбеу үшін ғана жүрген жоқпыз, қазіргі біздің мақсатымыз -  Qazaq Style-ді тарихта қалдыру. Өйткені, бізді әуесқой бокста танығанымен, кәсіпқой бокста танып жатқаны аз. Әлемге бұл стильді танытып қана қоймай, оның жан-жақты екенін мойындатуымыз керек, - деп мәлімдеді қазақстандық боксшы инстаграмдағы парақшасында.