Алғаш рет роботтар қатыспақ - Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

383

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Пандемияға байланысты алауды алып жүру бағыты қысқарған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қытайдағы Олимпиада алауы бұл жолы тек үш қаланы қамтып отыр.

Қысқы ойындар ресми сайтының мәліметінше, Бейжіңде жағылған алауды алып жүруге 1200 адам қатыспақ. Тіпті Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет роботтарды да қосу жоспарланған.

Пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығы қысқарды. 2-4-ші ақпан аралығында Пекин, Тяньцзинь және Чжанцзякуда қалаларында алауды алып жүру көзделеді. Қатысушылардың 20 пайызы шет ел азаматтары. Тіпті бұл жолы роботтар да қатысады,—делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында Қытайда қысқы Олимпиада ойындары өтеді.