Шавкат Рахмонов жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды

2 250

Фото: instagram.com/darteam.kazakhstanUFC-дің жартылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Біздің командамыздың жауынгері Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы Килклиф жаттығу базасына алдағы титулдық жекпе-жекке дайындалу мақсатында аттанды. Сәт сапар, Шавкат", - деп жазды DAR Pro Team жауынгерлік клубы.

Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі жетінші кездесуі болмақ. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.