Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

494
Александр Тен таеквондо-пумседен G-2 Muju Korea категориясында өткен онлайн әлем чемпионатында қола жүлде иеленді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр 17 жастан асқан спортшылар арасында жекелей сында фристайлда бақ сынады.

Әлемнің 13 елінен қатысқан 13 спортшының өнерін білікті төрешілер бағалады.

Айта кетерлігі, қазақстандық спортшы турнирде АҚШ-тан келген қарсыласымен бірдей ұпай еншілеген болатын. Алайда ұпайды есептеу ережесіне сәйкес, жеңіс американдыққа берілді. Ал бірінші орын жарыс иесіне бұйырды.

Осылайша жерлесіміз онлайн әлем чемпионатында екінші рет үздік үштіктің қатарына еніп отыр. Естеріңізге сала кетейік, Александр Тен – отандық таеквондо-пумсе тарихында алғаш болып медаль иеленген спортшы. Сонымен қатар ол Данияда өткен «2nd Lents Taekwondo Worldwide Sports Online Poomsae Open 2020» ашық біріншілігінде жеңімпаз атағына лайық деп танылды.