Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

320

28 желтоқсан күні Польша астанасында жылдам шахматтан (рапид) ФИДЕ-нің әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева екінші орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.


Шешуші партияларда Бибісара Грузияның тәжірибелі шахматшысы – гроссмейстер Нана Дзагнидзені, отандасы Әсел Серікбайды ұтып, әлем чемпионатының жеңімпазы – халықаралық гроссмейтер Александра Костенюкпен ойынды тең аяқтаған.

Биыл Бибісара Асаубаева әйелдер арасында онлайн өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, Қазақстан Республикасы құрамасында ойнап, Бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік 8 команданың қатарына кірген, көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Ал Қызылорда облысының өкілі әйелдер арасында халықаралық шебер Әсел Серікбайдың жеңіске жетуіне сәл ғана сәттілік жетпеді. Чемпионат бойы Әсел көшбасшылар қатарында болып, Катерина Лагно және Александра Костенюк сияқты әлемнің жетекші шахматшыларымен тең ойын жүргізген.

Бүгін блицтен шахмат чемпионаты басталып, 30 желтоқсанда аяқталады. Жарысқа Қазақстаннан 7 шахматшы қатысады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.