«Барыс» елордада СКА-дан ұтылды

2 548

Фото: Барыс хоккей клубыҚазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде ресейлік клуб екі, үшінші кезеңде үш гол соғып кеткен.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — СКА (Санкт-Петербург, Ресей) 0:5 (0:0, 0:2, 0:3)

0:1 — Короткий — 32:49

0:2 — Плотников (Голдобин, Филлипс) — 33:14 

0:3 — Дишковский (Хайруллин, Савиков) — 44:56

0:4 — Голдобин (Уилсон, Плотников) — 47:15

0:5 — Хайруллин (Дишковский, Савиков) — 57:12

Қақпашылар: Шил — Плешков.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберген.

Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 2026 жылдың 14- ші ақпанда Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, 17- ші ақпанда «Металлург» (Магнитогорск), 20- шы ақпанда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 22- ші ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командаларымен шеберлік байқасады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.