«Қайрат» футбол командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды
469
Алматылық клуб бұл жетістікке оныншы мәрте жетіп отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.
Сөйтіп өзінің бұрынғы рекордын қайта жаңғыртты.
Финалдық сын елордада өтті және бас жүлдені «Қайрат» пен «Шахтер» сарапқа салған. Негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяқталды. Алматылық клуб сапынан Вагнер Лав бірінші кезеңде қос гол соқты. Ал екінші кезеңде «Шахтер» сапындағы Михаил Габышев пен Мартин Тошев мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 2:2. Қосымша уақытта қос тарап тағы бір-бір голдан соқты. Бірақ бұл жолы, керісінше, алдымен қарағандылық клуб өкілі Айдос Тәттібаев өз командасын алға шығарған. 110 минутта Артур Шушеначев есепті теңестірді. Ал матч соңындағы пенальти сериясында алматылықтардың жолы болды.
Осылайша «Қайрат» кезекті рет кубоктың иегері атанды және алдағы жылы конференциялар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Бұндай құрмет «Астана» және «Қызылжар» командаларына да бұйырды.
Ал, ел чемионатында топ жарған «Тобыл» чемпиондар лигасына қатысады.