Дзюдошылар Түркияда өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
29-31 наурызда Түркияның Анталья қаласында дзюдодан өтетін Grand Slam турнирінде қазақстандық спортшылар бақ сынайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Olympic.kz сайтынан мәлім еткеніндей, Қазақстан дзюдошылары толық құрамда өнер көрсетеді.
Ерлер:
60 келі: Нұрқанат Серікбаев,
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев,
73 келі: Данияр Шамшаев,
81 келі: Абылайхан Жұбаназар,
90 келі: Ермахан Әнуарбеков,
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев,
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева,
52 келі: Толғанай Әбеуова,
57 келі: Бақыт Құсақбаева,
63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова,
70 келі: Екатерина Токарева,
78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина,
+78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова.