Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында Таиланд құрамасынан ұтылып қалды

2 512

Фото:Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметіВолейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетуде. Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті. Бұл ойында қарсыластар 3:1 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралияны жеңіп, бір рет жеңіске жетті. Ал Таиланд пен Индонезия құрамаларына есе жіберді.

Азия чемпионатының ширек финалына әр топтан үздік екі команда жолдама алады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы B тобында екінші орында тұр. Алайда командалардың қорытынды орны 26 тамызда өтетін Индонезия мен Аустралия құрамалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.