Қызылордалық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

1 137

Қызылордалық спортшылар дзюдо мен каратэден халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткен киокушин-рю каратэден "Әмір Темір Кубогы" халықаралық турнирінде Қызылорда облысының спортшылары үш медаль жеңіп алды.


Құрмет тұғырының жоғарғы сатысына Нұржан Жанболат көтерілді, күміс медалін Мәди Мейрамбек иеленді,ал қола медаль Әли Мейрамбекке бұйырды. Спортшыларды жарысқа жаттықтырушы Бауыржан Мұханов дайындады.


Ал, Грузия астанасы-Тбилисиде дзюдодан "Grand Slam" сериясының халықаралық турнирі өтуде. Қызылордалық спортшылар екі медаль жеңіп алды.

81 келі салмақ дәрежесінде күміс медальді Абылайхан Жұбаназар жеңіп алды. Ол финалда австриялық дзюдошы Рашид Борчашвилимен кездесіп, екінші орынды жеңіп алды.


60 келі салмақтағы жарыстың қола жүлдегері Мағжан Шамшадин болды. Үшінші орын үшін күресте Шамшадин қазақстандық спортшы Қанат Сейлхановпен кездесіп, жеңіске жетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.