Қазақстандық көркем жүзушілер Үндістандағы Азия чемпионатында 11 медаль еншіледі

2 255

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетіҮндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Жалпы нәтиже бойынша Қазақстан алтын еншіледі:

Қазақстан — 190.1663

Таиланд — 154.5151

Өзбекстан — 141.1051

Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова және Виктор Друзин қорғады.

Барлық жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, біздің спортшылар Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді:

Қазақстан - 7 алтын, 2 күміс, 3 қола

Таиланд - 2 алтын, 3 күміс, 2 қола

Өзбекстан - 2 алтын, 1 күміс, 5 қола

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.