Қазақстандық теннисшілер Өскеменде өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

344
Қазақстандық жас теннисшілер Өскеменде өткен ITF Juniors J3 «Kazzinc Open» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық қыздар жекелей және жұптық сында да үздік шықты. Жекелей сында финалда Сандуғаш Кенжебаева мен ресейлік Елизавета Масная бас жүлдені сарапқа салды. Жарыс барысында Масная қазақстандықтар апалы-сіңлілі Арыстанбековаларды және Аружан Сағындықованы жолдан тайдырған болатын. Әсіресе, 3 сағат 11 минутқа созылған жартылай финалдық матчта Аружан Арыстанбекованы жеңген еді. Ал Кенжебаева жартылай финалда отандасы Дана Байдәулетпен 2 сағат 41 минут ойнады. Дегенмен соңғы бәсекеде С.Кенжебаева Е.Маснаядан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Жұптық сында финалда қазақстандық теннисшілер өзара мықтыны анықтады. Осы доданың бірінші ракеткалары Аружан Сағындықова мен Дана Байдәулет Әсем Шойбек пен Стефания Шалахованы 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктірді.