Елордада өткен "Қазақстан" мен "Солтүстік Македония" матчы тең нәтижемен аяқталды

2 312

Фото:Kff_team2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ойын өте қарқынды түрде басталды. “Қазақстан” құрамасы бірнеше мәрте қарсыластың қақпасына шабуыл жасап, қауіпті соққылар сериясын кезек-кезек жалғастырды. Дегенмен бірінші таймда қос командада есеп еше алмады.

Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараманның артқа қарай қайшылай келіп соққан добы қарсыластың қақпасына дәл дарып, “Қазақстан” құрамасын алға шығарды. Алайда 75-минутта Солтүстік Македония сапынан Энис Бардидің айып соққысынан кейін таразы басы теңесті. Нәтижесінде ойын тең есеппен аяқталды.

Енді ұлттық құрама ойыншылар 15 қарашада Астанада “Бельгия” құрамасын қабылдайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.