Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды

2 509

Коллаж: Sn.kzАстана қаласының Нұра ауданында Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы заңгер Жасұлан Рахымғалиев мәлімдеген.

Оның айтуынша, «102» қызметіне Төле би және Халифа бен Заид әл-Нахаян көшелерінің қиылысында, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңында үш көліктің қатысуымен жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, мемлекеттік нөмірі 001 EDM 01 болатын Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жол апатына кінәлі деп танылып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған көлік Достық көшесі бойынан, «Хан Шатыр» кешеніне қарама-қарсы аумақта анықталды. Заңгердің сөзінше, көлік тізгінінде 1991 жылы туған Данияр Маратұлы Елеусінов болған және оның мас күйінде көлік басқарғаны анықталған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, мән-жайды анықтау үшін тиісті тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.