Сурдлимпиадаға елімізден 67 спортшы баратын болды

443
2022 жылы өтетін сурдлимпиадаға  еліміздің атынан  67 спортшы  баратын болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 1 мамыры мен 15 мамыры аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында XXIV Жазғы cурдлимпиада ойындары (немесе Дефлимпиада) өтеді.


Жарысқа қатысатын  67 спортшы спорттың сегіз түрінен сайысқа түсетіндері белгілі болды. 


Спортшыларды спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу процесін ұйымдастыратын және өткізетін, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайтын Қазақстанның аға жаттықтырушылары іріктеді.
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Спортшыларды дайындауға арналған оқу-жаттығу жиындарын мемлекет қаржыландырды.


Комитет спортшылардың жыл сайын күнтізбелік және қаржылық жоспар бойынша белгіленген шектерде халықаралық жарыстарға қатысатынын, сондай-ақ емдеу-сауықтыру құралдарымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.


Сурдлимпиада спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына Сурдлимпиада-2022 ойындарындағы жеңісі үшін мемлекеттен 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар, 30 мың доллар, төртінші орынға 30 мың доллар, бесінші орынға 10 мың және алтыншыға 5 мың доллар ақшалай сыйақы беріледі.