«Қазақ титаны» Дубайдағы турнирде «Иран Халкін» нокаутқа жіберді
400
«Қазақ титаны» лақап атымен танымал Алмат Жұманов «Wicked N’ Bad на Dubai P7 Arena» промоушенінің Дубайда (БАӘ) өткен турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.
Турнир барысында Алмат Жұманов өзін «Иран Халкі» деп атайтын палуан Саджад Гарибимен кездесті. Олар бокс ережесі бойынша жекпе-жекті әрқайсысы екі минутқа созылатын төрт раунд форматында өткізді.
Айқаста «Қазақ титаны» жеңіске жетті. Ол бірінші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.
Еске салайық, «Қазақ титаны» салмағы ауыр заттарды көтерумен танылған. Ол биыл сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан қозғап, есімі Гиннес рекордтар кітабына енген болатын.
Ал «Иран Халкі» бодибилдингте ауыр заттарды көтерумен танымал. Бойы 188 см, салмағы 177 кг.