Жәмила Бақбергенова Албаниядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

2 141

Фото: ҰОК баспасөзіӘйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албанияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Париж олимпиадасына жолдама ала алмаған Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында және олимпиадалық емес салмақтардағы ересектер арасында әлем біріншілігі өтеді. Бұл дүрмекке Жәмила Бақбергенова бастаған қыздар құрамасы да сынға түсіп, әлем чемпионы атануға тырысады. 

29-31 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз: 

55 келі. Зульфия Яхьярова 

59 келі. Диана Каюмова 

65 келі. Ирина Казюлина 

72 келі. Жәмила Бақбергенова

 Албания астанасында күрестің үш түрінен 4 салмақ дәрежесінде әлем чемпиондары анықталады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.