36 жастағы блогер қыз есімін «Барселона» деп өзгерткен

2 535

Фото:©фотоколлаж/ Azattyq RýhyАлматы қаласының тұрғыны Айтолқын Айханова есімді блогер қыз ресми түрде есмін Барселона деп  өзгерткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан жаңа туу туралы куәлігін алып, бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол 36 жыл бойы иеленіп келген Айтолқын есімінен бас тартып, өзіне сәби кезінде берілген ең алғашқы есімін қайтаруды жөн көрген.

«Мені танитындар туғанда қойылған бірінші есімімді біледі. Мені 40 күнге дейін солай атаған, кейін есімімді ауыстырып тастады. Ал бұл есімді маған өз атам қойған еді. Осы жаста өмірімді толықтай өзгертіп, алғашқы есімімді қайтаруды ұйғардым. Мен енді Айтолқын емеспін. Мені Барселона деп атаңыздар»,- деді ол.

Ол атасының неліктен мұндай ерекше есім таңдағанының құпиясын да ақтарған. Белгілі болғандай, оның атасы әлемдік спорт додалары өткен қалалардың атауын балаларына беруді дәстүрге айналдырған. Айтолқынның (ендігі Барселонаның) айтуынша, ол Барселонада өткен Олимпиада ойындарының құрметіне аталған. Бұл отбасындағы жалғыз ерекше есім емес. Оның үлкен ағасының есімі Сеул болса, інісінің есімі - Сидней, ал жиен қарындасына Токио есімі берілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.