Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

425

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа жіберді.

«WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы келіссөзді бастауға рұқсат беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», – делінген ұйым боксшылардың өкілдеріне жіберген хатында.

Айта кетейік, 13 қарашада Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) арасында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, ал оның қорытындысы бойынша төрешілер Әлімханұлын жеңімпаз деп таныды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.