Қазақстандық гимнастшылар Ташкентте өткен Әлем кубогында екі медалді қоржынға салды

1 505

Отандастарымыз Ташкентте өткен көркем гимнастикадан екі жүлде иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық көркем гимнастшылар шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы сапында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.


Алтын медаль Қытай елінен келген жеңіл атлеттерге бұйырды. Олар 33,40 ұпайға ие болған еді. Қола өзбекстандық гимнастшылардың еншісінде кетті (27,95 ұпай).


Сондай-ақ біздің команда лента, доп жаттығуларында 26,15 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.