Дамир Жалғасбай Германиядағы турнирдің финалында бақ сынасты

490
Германияның Вайблинген қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Қазақстан теннис федерациясы мәлімдегендей, қазақстандық жас теннисші финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Сава Рыбакинмен сынға түсті. 

Тартысты өткен бәсекеде ресейлік теннисші 7:6 (7:4), 4:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.

Германияның тағы бір қаласы - Дюренде 25 шілдеде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша супер жарыс басталады. 

Бұл бәсекеде еліміздің  намысын әлемнің 14 жасқа дейінгілер арасында төртінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы, Сәтима Төреген  және  Ариана Гогулина қорғайтын болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.