Қазақ блогері 1 млн-дық парақшасынан айырылып қалды

2 535

Фото:©Instagram/sportbugin.kzФутболдан әлем чемпионаты аясында қатаң медиа ережелердің салдарынан қазақстандық танымал блогер оқыс жағдайға тап болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

1,1 миллионға жуық жазылушысы бар блогер Артур Асқарұлы Өзбекстан құрамасының голына түсірген эмоциялық кадры үшін блокқа түсіп, инстаграм парақшасынан айырылғанын хабарлаған. Блогердің айтуынша, ФИФА тарапынан енгізілген қатаң медиа ережелерді бұзғаны үшін оның видеосына ескерту беріліп, кейін бан қойылған.

«Мен әр сәтті түсіріп, сіздерге атмосфераны жеткізгім келген еді. Бұл - миллиондардың арманы екенін түсінемін. Бірақ алғашқы күннің өзінде-ақ мен үшін бұл мереке тоқтап қалды»,- дейді блогер.

Қазір ол жағдайды қалпына келтіру үшін барлық мүмкін қадамдардың жасалып жатқанын айтып, командасының парақшаны қайтаруға жұмыс істеп жатқанын жеткізген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.