Спортты қолдау қоры Шавкат Рахмоновты қаржыландырмақ

1 864
Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа Спортты қолдау қорынан қаржыландыру бөлінбек, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді.

Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болады.

Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін, - деп жазды министр
Facebook парақшасында.

Еске салайық, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) буындыру тәсілімен жеңді.

Қазақстандық үшін бұл өз мансабындағы 17-ші жеңіс болды, сондай-ақ ол бүкіл жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жартылай орта салмақтағы рейтингіде Рахмонов 6-орынға көтерілді.