Қазақстандық жас ауыр атлет әлем рекордын жаңартты

2 655

Фото: ҰОКҚазақстандық жас ауыр атлет Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңарта отырып, ауыр атлетикадан Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ақжол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарына есе жібермеді. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.

Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136+164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127+171) келі.