Қазақстан құрамасындағы "жаңа есім" кім?

1 538

Фото: kaztkd.kzӨзбекстандық таеквондошы Евгения Каримова әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық  агенттігі.

24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында өтетін таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 8 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында 73 келі салмақта сынға түсетін Евгения Каримова да бар.

Каримова – Өзбекстан таеквондо мектебінің түлегі, Азия ойындарының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысып, бірнеше құрлықтық жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген. Дегенмен, спорттағы мансабын 22 жасында тоқтатып, кейін Қазақстанға қоныс аударған.

Елімізге келгеннен кейін жас спортшыларды жаттықтырумен айналысқан Евгения біраз жылдан соң өзі де жарыс алаңына қайта оралып, кәсіби мансабын жалғастыруға бел буған. Қазіргі таңда ол Қазақстан құрамасының толыққанды мүшесі ретінде халықаралық додада ел намысын қорғайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.