Азия чемпионы 400 келілік түйені көтеріп, көпті таңғалдырды

283

Фото: Шымкент қаласы әкімдігіБүгін Шымкентте атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай спорттық шара өтті. Оның барысында қол күрестен Қазақстан және Азия чемпионы Темір Спатаев салмағы 400 келі болатын түйені көтеріп, елді тәнті етті.

"Қазақтың даңқты балуаны, күш атасы - Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына осы рекордымды арнаймын", - дейді спортшы.

Темір Спатаев - қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның 5 дүркін чемпионы. 

Одан бөлек бірнеше дүркін рекорд иесі. Ол Францияда, Германияда, Өзбекстанда және Ресейде өнер көрсетіп жүр. 
Ол 37 секундта 4 темір тағаны майыстырған. Айта кетерлігі, спортшы майыстырған тағалар қарапайым ат әбзелдеріндегідей емес. Мұнда голландиялық тағалар қолданылған. Оның әрқайсысы салмағы бір тоннаға дейін жүк көтереді.

"Калибрленген, мөлшері 8-ден 22 миллиметрге дейін. Түсінікті болу үшін бұл – голландиялық тағалар. Біз қолданатын тағалар емес. Олар әлемдегі ең мықты тағалар болып есептеледі. Бұған дейінгі әлемдік рекорд литвалыққа тиесілі. Ол бір минутта тек екі тағаны майыстырған. Біздің спортшы 37 секундта 4 тағаны майыстырды", - дейді қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.