Риота Мурата мансабын аяқтауына қатысты мәлімдеме жасады
269
Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) жеңіліс тапқаннан кейін өз мансабын аяқтау жайлы шешімге келіпті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.
"Мен байсалды шешім қабылдауым керек. Менің ойымша, қазір бокстан кетуге қолайлы уақыт, бірақ әзірге жауап бере алмаймын", – деді Мурата.
Жапондық БАҚ Муратаның Головкинмен жекпе-жек алдында берген сұхбаттарының бірінің үзіндісін келтіреді.
"Мұндай жағдай бола ма, жоқ па білмеймін, бірақ жеңілсем, бокстан кететініме сенімдімін. Егер жеңсем, келесі жекпе-жек туралы ойлануым керек. Содан кейін мен күресті жалғастырудан басқа амалым жоқ. Бәрі аяқталғаннан кейін бұл туралы ойлауым керек", – деген еді ол.