Отандық теннисші Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

1 593

Қазақстанның екінші, әлемнің 131-ракеткасы Тимофей Скатов Люденшайд челленджер турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемдік рейтингте 207-сатыда тұрған украиналық Алексей Крутыхпен өткізді.


Бірінші партияда жеңіс Скатовтың еншісіне жазылғанымен, екіншісінде Крутых тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:5).


Үшінші, шешуші сетте Тимофей таразы басын аудара білді – 7:5.


Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейктен (10 брейк-пойнт) аса алмады.


Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 182-ракеткасы, аргентиналық Камило Уго Карабелли немесе рейтингте 204-сатыдағы франциялық Жоффри Бланканоның біреуімен таласады.