"Тобыл" футбол клубының сапына марокколық ойыншы қосылды

2 505

Фото: transfermarkt.comМарокколық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди қостанайлық "Тобыл" футбол клубына қосылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Тобыл" клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады. Ахмед Эль-Мессауди Бельгияда дүниеге келген. Ол – "Льерс" клубының тәрбиеленушісі. 28 жастағы футболшы Бельгияның әр жастағы құрамаларында ойнаған. Ал 2015 жылы ол тарихи отанына оралуға шешім қабылдады. Уругвай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Ахмед Марокко құрамасында алғашқы голын соқты. 2015 жылы Ахмед "Стандардқа" жалға берілді. 2016 жылдың басында Эль-Мессауди "Мехеленге" қосылды. Бір жылдан кейін клуб ойыншыны сатып алды. "Тобылға" дейін Ахмед Эль-Мессауди нидерландылық "Фортуна", "Гронинген", "Эммен" және түркиялық "Газиантеп" клубында ойнады.