Сәкен Бибосынов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

2 575

Фото: Қазақстан бокс федерациясыИталияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалда қарсыласын ұтып, Париж Олимпиадасының жолдамасын қанжығасына байлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атап айтсақ, 51 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз ширек финалда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ұлыбританиялық Киаран Макдональдтан айласын асырып, лицензияға қол жеткізді.



Бибосынов бірінші және екінші раундта қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үшінші раундта бір рет нокдаун алды. 

Төрешілердің бірауыздан шешімімен отандасымыз Олимпиада жолдамасына ие болды.



Осылайша Сәкен Бибосынов карьерасындағы екінші Олимпиадада бақ сынамақ. Ол осыған дейін Токио Олимпиадасында сынға түскен болатын.






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.