Айбек Оралбай неміс боксшысын жеңді

586
Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.



Иштван Бочкаиді еске алуға арналған жарыста 92 келі салмақта сынға түскен А.Оралбай неміс боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жек барысында Айбек қарсыласынан басым екенін көрсетіп, нокаутқа түсірді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 келі) мен Теміртас Жүсіпов (48 келі) жолдама алған еді.

Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке жол беріп қойды.

Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.