Бокстан әлем чемпионы атанған америкалық ислам дінін қабылдады

2 529

Фото: AL BELLO/GETTY IMAGESЖеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джервонта Дэвис (29-0, 27 КО) ислам дінін қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мұны үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Баду Джекк әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында хабарлады.


Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 2013 жылы өткізген. 2017 жылдың басында ол екінші жеңіл салмақта (59 келіге дейін) IBF белбеуін иеленіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды.


2019 жылдың соңында америкалық жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша (61,2 келіге дейін) кубалық Юриоркис Гамбоаны жеңіп, чемпион атанды. 2021 жылдың маусымында Дэвис бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.