Спорт саласында бұрын істі болғандар жұмыс істеген
Павлодардың спорт мектептерінде ұрлық пен жалған төлемдер анықталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура тарапынан өңірдегі спорт нысандарына тексерулер жүргізілген. Олардың қатарында стадиондар, бассейндер, спорт мектептері, мұз айдындары мен футбол манеждері бар.
Спорт мектептерінің қызметінде 10 млн теңге сомасына ұрлық және жалған төлемдер фактілері анықталған.
Спорт ұйымдарында жалған дипломдары бар жаттықтырушылар, сондай-ақ бұрын халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстар үшін жауаптылықа тартылған қызметкерлердің жұмыс істегені анықталған. Спортшыларды жоқ қонақ үйлерге орналастыру бойынша жалған шарттар жасалған. Салдарынан 2,8 млн теңге залал келген.







