«Челси» Дастан Сәтпаевтың алғашқы голынан кейін ерекше видео жариялады

2 525

Фото:© instagram.com/hamidsahariҚазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев "Челси" футбол клубы сапындағы алғашқы голынан кейін танымал карикатурашының видеосының басты кейіпкеріне айналды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Ирандық танымал карикатурашы Хамид Сахари футбол тақырыбында көпшілікке кеңінен танылған видеолар әзірлеген. Оның парақшасына 7,7 миллион адам жазылған. Жуырда ол "Челси" футболшылары мен команданың бас бапкері Хаби Алонсо бейнеленген видеоны жариялаған. Видеода команданың көптеген ойыншысы жарақат алып, клубтың жағдайы қиындай түскен. Алайда көп ұзамай бас бапкер өзінің "құпия қаруы" ретінде Дастан Сәтпаевты таныстырған.  Видеоның соңында Дастан Қазақстанның туымен бой көрсеткен. Видеоны 6,5 миллионнан астам адам тамашалаған.

"Хаби Алонсо мен "Челси" қазақстандық 17 жастағы шабуылшыны таныстырып, баршаны                 таңғалдырды",-  делінген видеоның сипаттамасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.